“Каспий жылу су арнасы” жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізу нәтижесінде анықталған ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін, 13 қыркүйекте магистральдық құбыр толтыруға қойылды.
Жөндеу жұмыстарынан кейін ыстық су сапасын қалпына келтіру мақсатында 19 қыркүйекке дейін жылу желілері құбырлары айналыммен жуылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Осыған байланысты 19 қыркүйекке дейін көппәтерлі тұрғын үйлер ыстық судан уақытша ажыратылады.