24 сәуір күні сағат 03:17-де диспетчердің 101 пультіне хабарлама келіп түсті, 3 шағын ауданының 74-ғимаратында өрт болған , деп хабарлайды mangystaumedia.kz ТЖД-ға сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер иесіз ғимараттың өртеніп жатқанын анықтады. Өрттің ауданы 450 шаршы метрді құрады. Ғимараттың жалпы ауданы 500 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ.
"Өрт сағат 05:10-да өшірілді. Өртті жоюға 4 бірлік техника мен ТЖД жеке құрамының 15 адамы жұмылдырылды. Себебін қаланың ТЖБ кезекші анықтаушысы анықтайды", - деді Ақтау қаласы ТЖ басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Шапхатов.