© фото total.kz
16 қаңтар күні сағат 21:56-да Ақтау қаласы ІІБ 102 кезекші пультіне 27-шағын ауданда орналасқан «Бәйтерек» сауда ойын-сауық орталығында бомба қойылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі жедел жетті. Азаматтардың қауіпсіздігі мен эвакуациясын қамтамасыз ету үшін ғимарат аумағы полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды. Сапер жұмысы барысында жарылғыш зат табылмады.
Қазіргі уақытта электронды поштаның иесін анықтау және оқиғаның мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша ҚР ҚК-не тіркелді.