2023 жылдың ақпан - наурыз айлары Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың қалалар мен аудандарда халықпен кездесулері өткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Сіздер барлық сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды және ескертпелеріңізді mangystau.gov.kz сайтына, облыс әкімінің блогына, сондай-ақ төмендегі көрсетілген орындарға орнатылған арнайы жәшіктерге салу арқылы жолдай аласыздар”, делінген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Арнайы жәшіктің орналасқан жерлер:
✅Қарақия ауданы бойынша:
1. Қарақия ауданы әкімдігінің ғимараты
2. Құрық ауылы әкімі аппаратының ғимараты
3. Жетібай ауылы әкімі аппаратының ғимараты
4. Мұнайшы ауылы әкімі аппаратының ғимараты
5. Сенек ауылы әкімі аппаратының ғимараты
6. Бостан ауылы мәдениет үйінің ғимараты
7. Құланды ауылы әкімі аппаратының ғимараты
8. Болашақ ауылы темір жол вокзалы