Ақтауда салынып жатқан құрылыс нысанының бірінде балалар ойнап жүр. Балалардың бұл әрекеті ақтаулық тұрғынның ашуына тиген. Бұл туралы ол «Маңғыстау облысының әкімдігі» Telegram чат-каналында айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Құрылыс алаңындағы балалардың әрекеті қорқынышты. Сондай-ақ құрылысты бақылауға жауапты Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінен 16 шағынауданның орталығындағы қараусыз қалған құрылыс алаңына назар аударуды сұраймыз. (Құрылысшы «Ас-Құрылыс» ЖШС) «Инста» тұрғын үй кешені мен Таң-Самалы тұрғын үй кешенінің арасында тосқауыл қоршауы жоқ. Сондықтан 16 шағынауданның учаскелік полиция қызметкерінен көршілес тұрғын үй кешенінде тұратын ата-аналар мен балаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз, - деп жазды Руслан есімді желі қолданушысы.