Қазақстандық футболдың 110 жылдығына орай Қазақстан Футбол Федерациясы Olimpbet-пен бірлесіп еліміздің 8 қаласында «ФУТБОЛ ЖОЛЫ» ауқымды спорттық мерекесін ұйымдастыруда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Фестиваль турының алғашқы аялдамасы – Ақтау қаласы, онда «Футбол Жолы» жексенбі күні, 6 тамызда өтеді. Фестиваль қонақтарын арнайы алаңда Қазақстанның футболдан басты трофейлері — чемпиондық тондо, кубок және суперкубок күтеді, олармен кез келген адам суретке түсе алады.
«Каспий» ФК-ның жұлдызды ойыншылары жанкүйерлермен автограф-сессияда кездеседі. Фестиваль алаңында футбол фристайлынан шеберлік сыныптары мен футболдан әуесқой турнир өтеді. Фестиваль сайтында өз командасының қатысуына алдын ала өтінім берген 16 жастан асқан ақтаулықтар қаланың ең үздік әуесқой командасы атағы үшін қақпашысыз 3x3 форматында күреседі.
Дегенмен ешкім де сыйлықсыз қалмайды. Үлкен футбол мерекесінің атмосферасын аттракциондар мен үлкен ойын аймағы қолдайды. Онда кез келген адам соққының күшін, айыпдобының ену дәлдігін тексере алады, кикер, киберфутболға қатысып, арнайы токендарды жинап, оларды сыйлықтарға айырбастай алады.
Әрине, ешқандай қалалық мереке музыкасыз өтпейді. Музыкалық бағдарламада: танымал Q-pop бэнд Newton-ның бұрынғы мүшесі Akim мен Clover тобының концерті болады. Сонымен бірге қала тұрғындарының сүйікті мекемелері фудкортта арнайы мәзір ұсынып, оның жанында чиллаут-аймағы жұмыс істейді. Онда сіз дем алып, жаздың аптап ыстығынан салқындай аласыз.
6 тамыз — «ФУТБОЛ ЖОЛЫ» Ақтауда
16:00 - 22:00
Өтетін орны:
Ақтау қаласы, 15 ш/а, Амфитеатр
Кез келген жастағы адамдар тегін кіре алады.
Толық ақпарат: https://footballfest.kz/aktau_kz
Фестиваль турының алдағы кестесі:
6 атамыз - Ақтау
13 тамыз - Атырау
19 тамыз - Орал
26 тамыз - Ақтөбе
2 қыркүйек - Көкшетау
10 қыркүйек - Астана
16 қыркүйек - Семей