Мangystaumedia.kz сайтының редакциясына Ақтау қаласының тұрғыны "Орбита" және "Смена" гараж-құрылыс кооперативтері арасындағы аумақтың қиын жағдайын бейнелейтін бейнежазба жолдады.
Тұрғынның айтуынша, мұнда "МАЭК" ЖШС құбырлары, газ құбыры, қоқыс үйінділері өтеді. Әрі бұл аумақта қалың қамыс өскен. Олар құрғақ кезінде жануға бейім, маңайға қауіп төндіріп отыр.
"Мұндағы қамыстар өте құрғақ. Жаз мезгілдерінде міндетті түрде жанады. Жақын жерде сары түсті құбыр бар. Менің ойымша, бұл газ желісі. Егер от тисе, онда үлкен өрт болуы әбден мүмкін. Қараңызшы, мұнда не болып жатыр? Аталған аумақта құрғақ ағаштар мен қамыс мөлшері өте көп. Сізден (Ақтау қаласының әкімдігі-прим.ред.) осы жайтқа шара қолдауыңызды сұраймын", - деді қала тұрғыны.
Мangystaumedia.kz сайтының редакциясы Ақтау қаласы әкімдігі мен "МАЭК" ЖШС-нен аталған жағдайға қатысты түсініктеме күтеді.