"Маңғыстау облысының әкімдігі" Telegram-чат-каналына ауыз судың жоқтығына наразы қала тұрғындары толассыз сауалдар жолдауда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
-Жауаптылар бүгін 22-шағын ауданда су болады деп уәде берді, бірақ бүгін екінші күн, су әлі жоқ, - деп жазады тұрғындар.
-12 сағаттан бері "КЖСА"мекемесі кінәсінен үйлерде су жоқ. Жөндеу жұмыстары сағат 05.00-де аяқталады деп уәде берді, кейін жөндеу жұмыстары сағат 10.00-де аяқталатындығын хабарлады, бірақ су кейін болады деді. Су таситын көліктер қайда? Адамдар қалай өмір сүреді? Біздің үйде де су жоқ, - дейді тағы бір қала тұрғыны.
Ақтауда ауыз судың жоқтығына байланысты "Каспий жылу, су арнасы" МКК ("КЖСА") түсініктеме берді.
- Ауыз судың магистральдық құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты су уақытша ажыратылды, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталды, құбырлар толтырылып жатыр. Сағат 13.00-де сумен жабдықтау жаңартылады, - деді "ҚЖСА" МКК директорының орынбасары Ислям Үсенов.