ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Ақтау қаласы тұтынушыларының пікірі мен ұсынысы бойынша «Маңғыстау Жарық» ЖШС-ның электр энергияны жабдықтау қызметі бойынша алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы профилактикалық түсіндірме жұмысын өткізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Іс-шаралар 2023 жылғы 13 қазан сағат 16:00-де Ақтау қаласы, 4 ш/а, Абай атындағы «Мәдени демалыс кешені» №71 ғимаратында өтеді.
Департамент мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Барлық пікірлер мен ұсыныстар тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін болады. Іс-шараны сапалы өткізу мақсатында қатысушылардан қоғамдық тәртіп пен оларды өткізу регламентінің талаптарын сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу қажет.
Департаменттің байланыс телефондары: 8(7292) 42-16-20, 43-84-11.