Салық төлеушілердің назарына!
Айлық тоқсандық, жартыжылдық салықтық есептілікті тапсыру мерзімі 2023 жылдың 1 шілдеден 15-тамызға дейін жалғасуда. Сондық мына салық есептілігін 2023 жылдың 15 тамызынан кешіктірмей тапсыру керек.
2023 жылғы маусым айы үшін:
-400.00 «Акциз бойынша декларация»
-421.00 «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі»
2023 жылғы 2 тоқсан үшін:
-101.03 «Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»
-101.04 «Бейрезиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»
-200.00 «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация»
-300.00 «Қосылған құн салығы бойынша декларация»
-570.00 «Экспортқа рента салығы бойынша деларация»
-590.00 «Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация»
-710.00 «Ойын бизнесі салығы бойынша декларация»
-860.00 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация»
-870.00 «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация»
-913.00 «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация»
2023 жылғы 1 жартыжылдық үшін:
-910.00 «Шағын бизнес субъектілері үшін ойайлатылған декларация»
Мерзімінің соңғы күндерінде жүктеменің өсуін болдырмау үшін салық есептілігін алдын-ала тапсыруға кеңес береміз.