ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-нің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Министр медиахолдингке қарасты ақпараттық сайтының және дизайн орталықтарының жұмысымен танысып, газеттердің шығу процесін көрді. Айта кетейік, «Маңғыстау-Медиаға» қарасты облыстық, қалалық және аудандық газеттер биыл жаңа дизайнға көшіп, түрлі-түсті форматта басылып жатыр. Басылымдардың әлеуметтік желілерде парақшалары ашылып, оқырмандармен байланысты арттырудың жаңа тетіктері қолға алынды.
Д.Қыдырәлі ұжыммен кездесіп, журналистердің мәртебесі, қоғамдағы орны мен маңыздылығы жайында әңгімелесті. Сонымен қатар баспа БАҚ-ын қолдау мәселесі де сөз болды. Министр маңғыстаулық журналистерге сәттілік тілеп, естелік суретке түсті.