Биология ғылымдарының кандидаты, орнитолог және тәуелсіз сарапшы, сондай-ақ Қазақстан құстарды қорғау одағының және Мензбирлік орнитологиялық қоғамының мүшесі Виктория Ковшардың пікірінше, құс тұмауын жұқтырудың шегі өткеніне қарамастан, табылатын аққулардың өлекселерінің саны артуы мүмкін, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы бүгінгі облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың экобелсенділермен, сондай-ақ Алматыдан шақырылған орнитологтармен кездесуінде айтылды.
«Құс тұмауы - бүкіл әлемде кең таралған құбылыс. Каспийде бұл аурудың жағдайлары үнемі тіркеледі. Мысалы, екі жыл бұрын, аққудың қара бас күлкі мен чеграва тұқымдарының жаппай қырылған жағдайын еске түсірейік. Сол кезде аққулардың өліміне мұнай қалдықтарын төгу себеп болды деп есептелгенмен, үкіметтік комиссия олардың құс тұмауынан қырылғанын анықтады. Вирус әдетте құстардың белгілі бір түрлеріне бағытталған. Мәселен, 2015 жылы құс тұмауы бұйра бірқазанда ғана табылды, алайда бір жерде мекен ететін, бір түр тармағына жататын қызғылт бірқазанға әсер етпеді. Демек, Қаракөл көлінде аққулардың өлімі ерекше жағдай емес. Біз мұнда негізінен қысқа нашар дайындалған жас құстар өлгенін көріп отырмыз. Бұл-табиғи процесс. Аққуларды құтқару, бұл салыстырмалы түрде сіздің қар көшкінін қолмен ұстап, тоқтатқыңыз келетіні сияқты мүмкін емес дүние. Сол себепті, үйрек пен қаз сияқты үй құстарына, құс тұмауын жұқтырудың алдын алу маңызды. Мен вирус белсенділігін өлі құстардың денесінде, салқын ауа райында, аязда ұзақ уақыт бойы сақтайтынын байқаймын, тіпті -27 С градуста да вирус белсенді болады. Алайда, Маңғыстаудың ауа-райын ескере отырып, вирус бір сағаттан аз өмір сүреді», - дейді орнитолог - сарапшы Виктория Ковшар.
18 қаңтардағы жағдай бойынша 1018 құстың өлексесі табылды. Оның 41- і-Қарақия ауданындағы теңіз жағалауынан, қалғандары - Қаракөл көлінен. Қазір Маңғыстауда қыстайтын аққулардың жалпы саны 50 мыңды құрайды.
«Аққулардың жалпы санының ең көп дегенде 2%-ы өлді. Көлге төгілетін сарқынды суларға келетін болсақ, олар аққулардың өліміне әсер етпейді. Өйткені ол көлдің биохимиялық құрамына қатты өзгеріс әкелмейді. Көлге түсетін органикалық заттар зиян тигізбейді, керісінше көмектеседі; егер ол зиян келтірсе, аққулар ғана емес, басқа да құстар қырылатын еді. Еліміздің көптеген қалаларында сарқынды суларды тазарту нысандары бар. Олар Алматы маңындағы - Сорбұлақ, Атыраудағы «Тухлая балка» және Батыс тұндырғыш. Бұл жерлерде көптеген органикалық заттар бар, бұл құстардың алуан түрлілігіне ықпал етеді. Мысалы, Атырауда «Тухлая балка» аймағында алакөз сүңгуір үйрек пен ақбас үйрек сияқты көптеген қызыл кітапқа енген құс түрлері ұя салады», - деді биология ғылымдарының кандидаты, орнитолог және тәуелсіз сарапшы.