Облыс әкімі С.Трұмов жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына барып, маңызы бар кәсіпорындар мен құрылыс нысандарының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Өңір басшысы жұмысын ең алдымен тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу комбинатынынан бастады. Кәсіпорын Маңғыстау облысындағы алғашқы қоқыс өңдейтін комбинат болып саналады. Аумағы 22 га жерді алып жатыр. Ол Жаңаөзен қаласының әлеуметтік - экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 2014 жылдың көктемінде іске қосылған. Жоба бойынша қоқыстың 22 түрііріктеуден өткізіп, қайта өңдеп тұрмыста пайдаланатын құрылыс заттарын шығаруға негізделген. Алайда, мамандар аталған кәсіпорын қазіргі таңда толық мүмкіндікпен жұмыс жасаймай жатқанын айтады. Осы мәселе бойынша, Серікбай Трұмов мекеме басшысы Ж.Сейтовке бірқатар тапсырма беріп, жүйелі түрде жұмыс жүргізу керектігін ескертті.
Бұдан кейін облыс әкімі қаладағы кәріз суын тазартатын «ӨзенИнвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барды. Мекеме орталықтандырылған кәріз арқылы келетін кәріз суын тазартады. Қуаттылығы 9000 м3. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының, өндірістік аймағында орналасқан «ТехноПарк» өндірістік алаңына барып, Агроаймаққа кәсіпкерлерді орналастыру бойынша жобалармен танысты. Өндіріс аймағы Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында 2012-2018 жылдар аралығында Республикалық және жергілікті бюджет есебінен салынған. Аумағы 30 га. Өндіріс алаңнан жер алып, кәсіп ашуға 29 жеке кәсіпкер ниет білдірген. Нәтижесінде 14 жеке кәсіпкер «Каспий» ӘКК-мен келісім шарт жасақтаған.
Сондай-ақ, «Самрұқ-Қазына ҰӘҚ» АҚ тобының сатып алуға қатысу мақсатында жаңа жұмыс орындарын құра отырып, өндірісті оқшаулайтын бизнес субъектілерінің ішінен 10 жоба аталған өндірістік аймақтан жер алуға ниет білдірген. Бүгінде Жаңаөзен қаласының әкімдігі тарапынан келіс сөздер жүргізіп жатыр.
Бұдан кейін аймақ басшысы 2018 жылы құрылысы басталған «Бейбітшілік» тұрғын үй кешенінің жұмыс барысымен танысты. Жоба бойынша тұрғын үй кешенінде барлығы 23 үй тұрғызылады. Бүгінде оның екі үйі толығымен тұрғызылып, шатырлары жабылған. Тағы екі үйдің 5 қабаттары салынуда. Облыс әкімі құрылыс компаниясына жобаны уақытында аяқтап, сапасына аса жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Сонымен қатар облыс әкімі жақында іске қосылатын қант зауытында болды. Бүгінде зауыттың құрылыс жұмыстары толығыммен аяқталып, қондырғылары орнатылған.
«ҚазТрансГазАймақ»АҚ-ы арқылы газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Зауыт қант шикізатын қайта өңдеп, жылына 3600 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Кәсіпорын іске қосылған соң мұнда 42 жаңа жұмыс орны ашылмақ.