©
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары О. Бектеновтың Маңғыстау облысындағы сапарында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің қызмет барысымен танысып, студент жастармен кездесті. Бұл туралы агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Шара барысында университет қабырғасында қызмет етіп тұрған «Адалдық дүкені», «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі, Еріктілердің «Қоғамға қызмет ету» орталығы, мониторинг орталығының жұмысы таныстырылды.
Осыдан кейін студент жастар Төраға орынбасары О. Бектеновпен және облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашевпен еркін сұхбат жүргізді.
Жастармен кездесуде сөз алған Олжас Абайұлы қазіргі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен ел тәуелсіздігін алғалы атқарған жұмыстарына тоқталып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға ең көлемде түсінік берді.
Облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Бекболатұлы әрбір азаматтың пікірі, елі үшін атқарған ісінің маңыздылығын айта келе, қоғам өкілдерімен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керектігін атап өтті. Ал ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков те ізгілік бастамасы болып есептелетін волонтерлік қозғалыс туралы өз ойын ортаға салып, студент жастарды белсенді болуға шақырып, адалдық жолында, парасатты қызмет жасауға шақырды.