2019 жылы Жаңаөзенде «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жалпы 186 табысы төмен отбасыларға жолдама беріліп, олардың 37-сі банк тарапынан мақұлданған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін 20 маман келген. Қала әкімі Мақсат Ибағаров айтқандай, оларға барлығы 75,7 млн теңге көлемінде бюджеттік кредит беріліп, тұрғын үймен қамтамасыз етілген.