Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Түпқараған ауданы әкімдігінің ғимаратында Түпқараған ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңес отырысында алдымен Түпқараған ауданының әкімі А. Қосуақовтың ауданның 2019 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2020 жылға міндеттері туралы есепті баяндамасы тыңдалды. Аудан әкімінің есебінен соң қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.
Кеңес мүшесі Айкүміс Досанова Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарындағы жер кезегі бойынша инфрақұрылым жобаларды жоспарлап, оларды жүзеге асыруды тездетіп бастау жөнінде ұсыныс айтты. Кеңес соңында Түпқараған ауданының Қоғамдық кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, 2019 жылға атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.