Қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы 50 теңге. Бұл Республика бойынша ең төменгі баға. Ақтау қалалық мәслихаттың 12.12.2019 жылғы шешімімен қаладағы қоғамдық көліктердің жол жүру ақысы 70 теңге болып келісілді. Сонымен қатар, 70-теңге де республика бойынша ең төменгі жолақы болып саналады. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баға субсидия төлеу ақысы шешілгеннен кейін 70 теңгеге көтерілетін болады. Жол жүру ақысының өсуімен қатар, барлық қоғамдық көліктерге жолақысын электронды төлеу жүйесі (валидаторлар) енгізіледі.
ҚР-ның 04.07.2003 жылғы Автомобиль көлігі туралы заңының 20 бабына сəйкес, 7 жасқа дейнгі балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді және 7 жас пен 15 жас аралығындағы балаларға 50% жеңілдік берілген.
2010 жылдан бері әкімдіктің ұсынысымен, тасымалдаушы мекемелердің қолдауымен келесі санаттағы азаматтар қоғамдық көліктерде тегін жүріп келді:
1. Ұлы Отан соғысы ардагерлері және мүгедектері;
2. Тыл ардагерлері;
3. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
4. Ұлы Отан соғысында қайтыс болған ардагерлердің жесірлері;
5. «Алтын алқа» және «Күміс алқа»-мен марапаталған батыр аналар;
6. Мүгедектер (1-топ, 2-топ);
7. Бала жастан 1-ші және 2-ші топ мүгедектер; 8.Чернобыль атом станциясы апатының мүгедектері;
8. Ақтау қаласының құрметті азаматтары;
Одан басқа, 2019 жылдың сәуір айынан бастап, көп балалы аналар да тегін жүріп келді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері:
1. Мүгедектер (1-топ, 2-топ);
2. Көп балалы аналар.
3. Бала жастан 1-ші және 2-ші топ мүгедектер;
4. Чернобыль атом станциясы апатының мүгедектері;
5. Ақтау қаласының құрметті азаматтарының тегін жүруі уақытша тоқтатылды.
Субсидия төлеу мəселесі шешілгеннен кейін, Наурыз айынан бастап, осы санаттағы 9 500 азамат тегін қызмет алушылар қатарына қайта қосылады.