©
Бүгін Маңғыстауда рухани жаңғыру аясында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған "Рухқа ұран - Ұлтқа қорған" республикалық ақындар айтысы өтуде. Айтысқа барлығы 18 ақын қатысуда. Олардың қатарында Мұхтар Ниязов, Болатбек Оразбаев, Рүстем Қайыртайұлы, Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан, Ершат Қайболдин, Жансая Мусина, Маңғыстаудан Жанар Айлашова, Фархад Мұсаев, Абай Жолмағамбетов, Алтынбек Сүйінбекұлы, Азамат Орынбасаров, Арғынбек Қалбаев және Мэлс Қосымбаев бар.
Сахнада жеребе тарту әдісімен жұптар белгіленді. Күллі Маңғыстау жұрты айтысқа шөлдеп келді, залда ине шаншар жер болған жоқ.
- Соңғы рет айтыс киелі өлкеде айтыс 2006 жылы болған еді. Араға 11 жыл салып айтыс Маңғыстауға қайта оралды. Сәуір айында Елбасы үлкен айтыс ұйымдастыруды тапсырған болатын. Бүгінгі айтыс өлкелерде өткізіліп отырған 16-бәйге. Ең мықтылары Астанада аламан айтыста бағын сынайтын болады, - деді кеш тізгінін алған Жүрсін Ерман.
Айтыс Намазалы Омашев, Несіпбек Айт, Әсия Беркенова, Елубай Смағұл, Светқали Нұржан қазылық етуде.
Әзірге алғашқы жұптардың қорытындысы төмендегідей: Қызылордалық Мұхтар Ниязов - 10/10/10/9/9 Жаңаөзендік Арғынбек Қалбаев -8/8/9/9/9 Алматылық Сезімханұлы Шұғайып -10/10/9/9/9 Маңғыстау облысынан Фархад Мұсаев 9/ 9/ 9 /9 /9
Айгүл ДӘДЕН
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="43428,43432,43424,43433,43423,43425,43431,43426,43429,43422,43427,43430"]