Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 509-бабына сәйкес, әдеттегі сыйлықтардың құны 10 АЕК-тен аспауы тиіс. Яғни, 1 қыркүйекте ұстазға сыйға берілетін гүл шоғы 34 500 теңгеден қымбат болмауы керек, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ҚР Білім министрлігіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге әрбір білім беру мекемесі өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын қабылдауы туралы ұсынымдар берілді.
"Бұл стандарттарда сыйлықтарға қатысты өз шектеулері болуы мүмкін. Яғни, әрбір мектеп, балабақша немесе басқа оқу орындары өз шектеулерін қоя алады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Десе де, департамент заң талаптарын сақтауға және 10 АЕК-тен қымбат сыйлық бермеуге, тек салтанатты шараларда ғана беруге кеңес береді.