Демалыс күндері гүл отырғызу науқаны өтеді. Бұл туралы "Эко Маңғыстау" НПУ басшысы Кирилл Осин мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл идея Ақтау тұрғыны Наталья Романованың ұсынысы. Ол қаладағы теңіз жағалауына қарапайым және әдемі гүлдер отырғызуды ұсынды. Ақтау тұрғындары мен қонақтарын іс-шараға ат салысуға шақырды.
"Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Баршамыз жасыл желекке оранған қалада өмір сүргіміз келеді! Наталья Романованың бастамасына қолдау танытып, теңіз жағалауына мальва гүлін отырғызуға бір кісідей белсене кіріселік! Акция Ақтау қаласының әкімдігімен және "Green city Aktau" ЖШС - мен келісіліп, қолдау тапты", - деді Кирилл Осин.
Акция 15 және 16 қазанда сағат 10.00-11.00 және 17.00-18.00 аралығында өтеді. 15 ш / а 10-үйге қарама-қарсы теңіз жағалауында жиналамыз.
Өзіңізбен бірге ыңғайлы резеңке қолғап пен күрекше алғаныңыз жөн.
Акция аясында мальваны отырғызудың оңай әдістері көрсетіледі. Бүкіл ұжым болып қатысу мүмкіндігіңіз бар.