Бүгінде мессенджерлерде тараған адиохабарламада беймәлім азаматша жарық ақысын жаңа шоттар бойынша ғана өтеу керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алайда "Маңғыстау Жарық" ЖШС төлемді ескі және жаңа дербес шот бойынша да жүргізуге болатынын жеткізді. Жолданған қаражат жаңа дербес шотқа аударылады.
"Бұл әдіс тұтынушылар жаңа жеке шоттарға үйренгенге дейінгі кезеңде қолданылады. "Каспий" банкі қосымшасында жаңа дербес шот бойынша төлем жасалған кезде хабарламалар жаңа дербес шотқа келіп түседі", - деп хабарлады компания.