Маңғыстау облыстық онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді. Мамандар сүт безі обырын анықтау үшін әйелдерді профилактикалық тексеруден өткізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық онкологиялық орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ашық есік күнінде әйелдер жоғары білікті маммологтан кеңес алумен қатар, сүт безі қатерлі ісігіне тегін тексеруден өте алады.
Орталық мамандарының сөзінше, облыста сүт безі қатерлі ісігімен ауыратындар саны соңғы жылдары арта түскен. 2021 жылы онкопатологиямен ауыратын 12 816 әйел диспансерлік есепте тұрса, биыл олардың саны 22 189-ға жетті.
Аталған ашық есік күні 15 қазан күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін Ақтау қаласындағы 1А шағынауданның 5/5 ғимарат мекенжайы бойынша облыстық онкологиялық диспансерде өтеді.
Қабылдау телефоны: 8 708 604-24-91.