Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профилактикалық қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде кәсіпкерлердің құқығын қорғау және осы саладағы адалдықты арттыру мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайтына агенттіктің баспасөз қызметі сілтеме жасап.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев, қауымдастықтар, квазимемлекеттік сектор және бизнес, қоғам өкілдері қатысты. Олар бұл кәсіпкерлікті дамыту және кедергілерді жою жөнінде ұсыныстар жасады. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қорғау агенттігінің жүйелі жұмысы мен өңірдегі түйткілді мәселелер талқыланды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында бизнесті қорғауға қатысты нақты шаралар қарастырылған. Заң аясында жұмыс істейтін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуді қолдайтын компаниялар үшін түрлі мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған. Бұл жеңілдіктер мен преференциялар, сатып алу саласындағы шартты жеңілдіктер. Мұндай жағдайда әрбір кәсіпкер бюджеттік ақшамен жұмыс істегенде өз бизнесінің толық ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс», – деді Саян Ахметжанов.
«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, департаментпен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының басшысы Жанару «Дайрабай Үсіпбаев атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялап, қоғамдық бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар үндеулерін қалдырды, сұрақтарына жауап алды. Нәтижесінде қатысушылардың ұсыныстары назарға алынды және алдағы уақытта бизнес өкілдерімен және жұртшылықпен бірлескен жұмыста ескерілетін болады.
Айта кету керек, кәсіпкерлікті қорғау - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарының бірі.