Маңғыстаулық кикбоксшылар әлем чемпионатында бес жүлдеге ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
30 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Италияның Лидо ди Езоло қаласында кикбокстан жастар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жаһандық жарысқа әлемнің 63 мемлекетінен 735 спортшы қатысып, бақ сынады. Бұл сында маңғыстаулық кикбоксшылар құрама қоржынына 3 күміс, 2 қола жүлдені салды.
Облыс бойынша кикбокстан аға жаттықтырушы Төремұрат Селиковтың айтуынша, жастар арасында фулл-контакт бағдарламасы бойынша +91 келі салмақта Нұрсәт Ғалымбекұлы және 75 келі салмақта Әнуар Бақытжанұлы күміс жүлдені иеленген. К-1 бағдарламасында Ақжол Қосыбаев та күміспен күптелді. Сонымен бірге, жастар арасында лоу-кик бағдарламасында 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерасыл Досан және жасөспірімдер арасында 48 келіде Аманбек Ерікұлы қола жүлдегер атанған.