Бүгін Маңғыстау облысының шабандоздары елімізде тұңғыш рет өткізілетін “The Great Steppe Tour” марафон-бәйге жобасына аттанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шабандоздар жол жүрер алдында Шетпе ауылында бас қосып, үлкендердің батасын алды. Іс-шараға Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов те қатысып, облыс намысын қорғауға бара жатқан спортшыларға сәттілік тіледі.
«Ұлы дала жорығы» атты 12 күндік аламан жарыстың қашықтығы 1200 шақырымнан асады. Марафон-бәйге еліміздің 6 аймағын қамтымақ.
Қатысушылар 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласынан аттанып, 29 қыркүйекте Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласына ат басын тіреуі тиіс.