5 қыркүйек тілдер мерекесі күніне орай, қазақ тілін үйренушілер арасында «Тіл – менің тағдырым» атты тақырыпта эссе жазу өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен байқауға 50-ге жуық әр түрлі ұлттың өкілдері қатысқан.
- Шараға қатысқан оқушылар байқау басталар алдында Қазақстанның әнұранын шырқап, қазақ тіліне деген қүрметін көрсетті. Іс-шараны ақтаудағы №16 орта мектепте өткіздік. Осы шараны ұйымдастырудағы мақсат – тіл үйренудің аса қиын дүние еместігін көрсету, қазақ тіліне деген құрметті арттыру. Мұндай шаралар оқушылардың біліктілігін арттыру мен алған білімдерін сынауға мүмкіндік туғызады, - дейді ұйымдастырушылар.
Аталған шараға сондай-ақ, Қазақстан халық ассамблеясысының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, «Ассамблея жастарының» өкілдері қатысты.