2 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында 102 кезекші пультіне Шетпе-Жетібай тас жолының 112/117 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы шақырту түсткен.
"Ваз 2115" автокөлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай бет алып келе жатқанда, қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Man" маркалы жүк көлікпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Ваз 2115" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмған.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.