Александр Шарин суға батып бара жатқан екі баланы құтқарып, батырлығы мен ерлігі үшін марапатталды. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде оған ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен және Департамент бастығының бұйрығымен Алғыс хат табыстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шарин Александр Сергеевич 2013 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
2022 жылдың 21 тамызында Александр Шарин өз отбасымен және достарымен бірге «Золотое солнышко» демалыс базасына демалуға барған. Шамамен сағат 17.15-те Александрдың жұбайы сапборд тақтасына қыздардың мінгенін байқаған. Кенеттен жел соғып, балаларды теңіздің жағасынан алыстатыпты. Сол кезде қыздардың анасы көмекке шақыра бастаған.
Александр Шарин ойланбастан суға түсіп, оларға дейін шамамен 100 метр толқынға қарсы жүзіп барған. Содан соң ол сапбордқа отырып, ескекпен есе бастағанда толқынға қарсы тұру өте қиын болған. Жағалауға жақындағанда ол сапбордтағы балаларды арқанмен тартып, жағаға шығарып алған.
Мұрат Мұханов балаларды құтқару кезінде көрсеткен жанқиярлығы үшін алғысын білдірді.