Ақтау қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған "Конституция – тұрақтылық пен келісімнің кепілі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дөңгелек үстел отырысына Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының және қоғамдық келісім жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
"Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын! Өткен жылы біз егемендіктің маңызды кезеңіне қол жеткізгеніміз белгілі. Биыл біздің мемлекет үшін өте маңызды жыл. Жақында ғана, 5 маусымда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Қазақстан құрылып, еліміз тағы бір тарихи кезеңге аяқ басты", - деп атап өтті Ақтау қаласының әкімі.
Қатысушылар бұл өзгерістер мемлекеттік құрылым мен жалпы қоғамды одан әрі жаңғыртуға ықпал ететініне сенім білдірді.