Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Бүгін, 13-37-де 3 "б" шағын ауданында орналасқан №13 "Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының тергеу басқармасы" ғимаратының аумағында қоқыс өртенгендігі жөнінде ақпарат келіп түсті. Өрт салдарынан полиция департаментіне қарасты тергеу басқармасы ғимаратының қасбеті мен жанындағы зертхананың шатырына зақым келді. Өрттің шарпу аумағы - 20 ш. м. қаза Зардап шеккендер жоқ. Өрт 14-11-де сөндірілді.
Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 5 техника, "МАО" ММ-нен 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды, - делінген хабарламада.