Маңғыстауға жұмыс сапарымен келген Amanat партиясының атқарушы хатшысы А.Оралов қала Ақтаудағы жобалармен танысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаланың 2022 жылға арналған сайлауалды бағдарламасына сәйкес, Жол картасының 89 іс-шарасының 10-ы орындалды, 79-ы орындалу сатысында.
Кездесу аясында Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай 19 шағын аудандағы 432 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен таныстырды. Құрылыс аяқталғаннан кейін ЖАО-да кезекте тұрғандарға тұрғын үй "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша кезектілік тәртібімен беріледі.
"Құрылыс материалдары мен технологиялық жабдықтардың қымбаттауына байланысты қазіргі уақытта жобаны түзету жұмыстары басталды. Қалалық құрылыс бөлімі тарапынан жобаны түзету үшін қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан кейін құжаттар облыстық бюджет комиссиясының (ОБК) қарауына жіберіледі. Әрі қарай, оң қорытынды алғаннан кейін жоба сараптамаға жіберіледі.
Қаражат бөлінуіне қарай нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр",-деді Н. Қилыбай.