• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 7 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Зейнетақы қоры - қадірлі қарттыққа қадам!

    [ 2022 ] 25 тамыз, 10:27  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Қазақстандықтарелдің қарыштап дамуына, өсіп-өркендеуіне екпінді үнін, өршіл лебін қосып, ерен еңбекпен есейіп келеді. Алайда, кейбіреулері күйбең тіршіліктің қамын күйттеп жүріп, егде тартып, қарттықтың қамытын мойнына қалай іліп алғанын байқамай қалады. Қадірлі қарттыққа қадам жасаған кезде ғана бейнетінің зейнетін көріп, бала-шағасының, немере-ұрпақтарының қызығына бөленіп, көп жылғы еңбегінің жемісін татуды армандайды. Осындайда еліміздежүйелі жұмыс істеп жатқан «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» көмекке келеді.

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» - кең байтақ еліміздің халқына сыйланған мол мүмкіндік, болашағына құйылған зор инвестиция. Айдан алқа, жұлдыздан жүзік тағып жүрген жастық шақта қарттықтың ауылы әлі алыс деп, зейнетақы жайында көп ойлана бермейсің. Ал,егделікке жақындаған орта буын өкілдері қызметпен қоштасар уақытын есептеп қана қоймай, зейнетке шыққандағы жасын, жиған қаржысын, ай сайынғы алар зейнетақысын біліп, тұрақты есебін жүргізіп отырады. Зейнетақы – әрбір адамның көкейін тесіп, көңілін сан саққа жүгіртіп, толғандыратын маңызды әрі өзекті мәселе. Сондықтан да жастар жағы болашағын бүгіннен бастап ойлап, қолға алса, нұр үстіне нұр болмақ. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалына бас сұғып, ондағы жұмыстың тыныс-тіршілігімен, жай-жапсарымен танысып, көрген кездегі көңілге түйген ойымыз осы болды.

    2013 жылы тамызда құрылған «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» бүгінде қанатын кеңге жайған ауқымды мекемеге, орасан зор жауапкершілікті арқалаған сенімді құрылымға айналған. Оның басты мақсаты – халыққа тез, сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетіп қана қоймай, болашақ зейнеткерлермен сенімді және ашық қарым-қатынас ұстанып, озық технологияларды, заманауи жабдықтарды пайдаланып, қажетті ақпарат, мәліметтерге қол жеткізуге жәрдемдесу. Онымен қоса, зейнетақы қоры әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ірі жобаларды, бағдарламаларды қолға алып, жүзеге асырып келеді. Мобильді қосымшалар, зейнетақы калкуляторы сынды жаңашылдықтар – соның дәлелі.

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Маңғыстау облысындағы филиалының табалдырығын аттаған бойда, ондағы қызметкерлердің бір-бірімен сыйластығы мол, ауызбіршілігі берік орнаған орта екенін бірден білдім. Филиалдың бас директоры Айман Әубәкіровақор қызметімен егжей-тегжейлі таныстырып шықты:

    -Біздің филиал – Маңғыстау облысындағы басты кеңсе. Өңірдің халқына барынша қолжетімді, сенімді қызмет көрсету мақсатында аудандарда да шағын бөлімдер құрылған. Олар Жаңаөзен, Бейнеу, Форт-Шевченко, Шетпе және Мұнайлы аудандарында орналасқан. Бұл бөлімдер – қала-аудан халықтарына қызмет көрсету нүктелері деп аталады. Филиалдың құрамында барлығы 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Басты міндетіміз – халыққа зейнетақы қоры жүйесі туралы мағлұмат беру, толық әрі ашық түсіндіру. Біздің филиалда бірнеше бөлім жұмыс істейді. Оның екеуі халықпен тығыз қарым-қатынаста қызмет етеді. Бірі – операциялық бөлім болса, екіншісі –көшпелі қызмет көрсету бөлімі. Операциялық бөлімде отырған мамандарға халық қызықтырған сауалдарын қойып, қажетті қызмет түрлерін ала алады. Ал көшпелі қызмет көрсету бөліміндегі мамандар қаладағы мекемелерге барып, сонда насихат жұмыстарын жүргізіп, қор қызметі жайында түсіндіреді. Одан басқа бақылау мен шаруашылық бөлімдері бар. Бақылау бөлімі шетелге көшіп кеткен зейнеткерлерден сұраныс, хаттар түссе, соларды жіті тексеріп, пошта арқылы жауап береді. Әр бөлімнің өзіне жүктелген мақсат-міндеттері бар және ол мақсат-міндеттерді филиал қызметкерлері жоғары деңгейде атқаруға тырысып бағады.

    Заңда жаңа өзгерістер, жаңа толықтырулар орын алса, халықпен бірден бөлісеміз. Халықтың қаржылық сауаты, білімі жоғары болғанын қалаймыз, өзінің болашағын қазірден бастап сезінсе, қолға алса дейміз. Зейнетақы жарнасының үш түрі бар: міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті. Оның әрқайсысына тоқталар болсам, міндетті зейнетақы жарнасы –жұмыс істейтін салымшының жалақасынан аударылатын 10 пайызы болса, ерікті зейнетақы жарнасы - салымшының зейнетақы қорына өзінің табысынан ерікті түрде аударатын ақшасы болып саналады. Ал міндетті кәсіптік жарна – жұмыс беруші зиянды өндірісте еңбек ететін жұмыскердің еңбекақысының 5%-ы көлемінде өз табысынан зейнетақы қорына аударатын сомасы. Біздің филиал қызметкерлері келген әрбір адамға зор көңіл бөліп, әрбір сұрағына тұшымды әрі ашық жауап беріп, үлкен жауапкершілікпен, асқан мұқиятпен қызмет көрсетуге тырысады. Техниканың тілін жетік меңгерген жастар жағы үшін өзі-өзіне қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Бұл секторда бірқатар компьютерлер бар. Егер бір қиындыққа тап болса, қызметкерлеріміз жәрдем көрсетуге әрдайым әзір. Мүмкіндігі шектеулі жандар келсе, олардың ішке кіруіне арналған пандустар, қызметкерді шақыратын қоңырау сынды барлық жағдайлар қарастырылған. Үйге шақыратын жандар үшін де электрондық өтінім тастаса, мамандарымыз барып, қажетті қызметін көрсете алады,-деп түсіндірді ол.

    Ғимараттың төменгі қабатында халыққа қызмет көрсетіп жатқан операциялық зал орналасқан. Онда 13 маман жұмыс істейді. Әрқайсысының өзіне сай құзырлы қызметі, ілкімді ісі бар. Кең зал ішінде қаз-қатар тізіліп отырған мамандар қызу жұмысқа кірісіп кеткен. Бір маман келген салымшыларды жылы жүзбен қарсы алып, терминалдан қажетті терезеге талон алып беріп жатса, екінші қызметкер салымшының келген мәселесі бойынша жан-жақты түсіндіріп, қызмет көрсетуде. Мұнда келушілер зейнетақы жүйесі туралы ақпаратқа қанығып қана қоймай, қорға қатысты барлық қызмет түрлерін алуына мүмкіндік мол. Осыған орай, филиал жұмысымен етене танысу мақсатында операциялық бөлімнің маманы Талғат Жаңбырбаевты сөзге тарттық.

    -Мен 2021 жылдың күзінде осы зейнетақы қорына қызметке келдім. Операциялық бөлімнің басты мақсаты – жинақтаушы зейнетақы қорының кеңсесіне жүгінген тұлғаларға зейнетақы қызметтерін сапалы көрсету болып табылады.Күн сайынбөлімге әртүрлі сұрақтармен көптеген адам келеді. Өздерінің зейнетақы шоттарын көруге келгендерден бөлек, мүгедектік пен қайтыс болуға байланысты өтініштер де көп қабылданады. Жиналған ақшасын тұрғын үй сатып алу, ем алу мақсатында жұмсағысы келетін жандар да бар. Көпшілікті зейнетақы жөніндегі мәселелердің алаңдататыны анық. Бірақ, көпшілігі жұмысымен, шаруасымен бөлімге келуге қолдары тие бермейді. Сондықтан біздің қороларға барлық қызметтерді үйден шықпай-ақ алу мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Үйінде компьютері мен қолында ұялы телефоны болса, салымшы «БЖЗҚ»-ның сайтына, мобильдік қосымшасына кіріп, өзіне тиісті ақпараттарды, қажетті қызметті ала алады. Ең бастысы, салымшылар қажетті деректерін енгізсе болғаны,-деді маман.

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жүрегі саналатын операциялық бөлімнің мамандары келген салымшыларға зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес береді, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді қабылдайды, жеке және заңды тұлғалармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасайды.Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау, зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініштерді қабылдайды, тексереді және тіркейді. Онымен қоса қор салымшысының жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмелерді береді.

    Міне, осындай маңызды істермен айналысатын бөлім қызметкерлерініңжемісті жұмыстары осымен тынбайды. Олар әрбір салымшыға қадірлі қарттыққа жету үшін ай сайын зейнетақы жарналарын тұрақты әрі қомақты аударуға кеңес береді. Себебі, олардың сөзінше, болашақ бүгіннен басталады, қомақты қор жиналса, қамсыз қарттыққа қол жеткізуге болады!

    Ханым ҚУАТ

    884
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауда арзан жолдама сатқан алаяқ ұсталды

    Келесі жаңалық

    500 000 теңгелік 40 грантқа өтінім қабылдау жалғасуда

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

      [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
      5001

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      5277

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4915

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      4184

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      4230

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      5160

      Рубрикалар

        МаңғыстауАуыл өміріДенсаулықБіле жүріңізАшық қоғамРедакция ұжымыМәселеЭкономикаХабарландыруЖарнамаСұхбат

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      27 қараша, 17:04
      1035

      Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау

      25 қараша, 11:22
      227

      Ақтауда Қазақстан мен Әзірбайжан халықтарының ынтымақтастығын көрсететін «Достық аллеясы» ашылды

      9 қараша, 19:59
      5310

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      1571

      Ұлттық Университет әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды

      5 қараша, 15:02
      1202

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      6682

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»