Қазіргі заң бойынша әйелдердің зейнетақы жарнасы болса, онда 52,5 жастан, ал егер 5 баласы болса, 53 жасынан зейнетке шыға алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова "Жедел желі" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Еске салайық, елде әйелдердің зейнеткерлікке шығуын 58 жастан түсіруді талап етіп жатқан болатын. Алайда мұндай талаппен келіспейтіндер де бар. Себебі қазір ынтымақтастырылған жүйеден төленетін зейнетақы көлемі азайып келеді.
"Еш жерде жұмыс істемеген азамат болса, оның зейнетақысы 24 мың теңге болады. Қазір әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетіп, ең аз зейнетақы төлеу немесе тек зейнетақы көлемін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Тамара Дүйсенова.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бұған дейін зейнеткерлік жасы төмендемесе де, зейнетақы қосылатынан айтқан еді.