Ақтау қаласы "Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нугманова Шолпан Хасановна Нұр - Сұлтан қаласында өткен Республикалық тамыз кеңесіне қатысып, Оқу-ағарту министрі А.Аймагамбетовтің қолынан, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқу ордасының мақтанышы, педагогтік салада 28 жылдан аса еңбек өтілі бар білікті маман Нугманова Шолпан Хасанқызы - өз оқу ордасының мақтанышы, тәжірибелі маман.