Маңғыстауда Спорт күні мерекесіне орай өткізуге жоспарланған іс-шаралар 10 тамыздан басталып, 21 тамызға дейін жалғасын табады,деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Қанат Жұмабаевтың айтуынша, Қарақия ауданында Спорт күні мерекесіне орай футбол ардагерлерін еске алуға арналған шағын футбол турнирі, Жастар және спорт күні мерекелеріне орай аудандық стритбол жарысы, Спорт күні мерекесіне орай спорт саласы қызметкерлерін марапаттау шаралары өтті.
-Түпқараған ауданында спорт күніне арналған "Таушығым-құт мекенім" мәдени шара, Кикбоксинг бойынша 2004-2005, 2006-2007, 2008 ж.т. жастар және кадеттер арасындағы облыстық ашық турнирі, «Дені саудың жаны сау» атты спорт күніне арналған спорттық сайысы, шағын футболдан және жағажай волейболынан жарыс, Баутин ауылында спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті,-деді Қанат Жұмабаев.
Ал, Мұнайлы ауданында «Спорт күніне» орай аудан тұрғындары арасында қол күрес және гір тасын көтеруден аудандық жарыс, жастар арасында көңілді старт және арқан тарту жарысы, 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер (ұлдар) арасында аудандық турнир асық ату, аула клуб оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында тоғызқұмалақтан аудандық жарыс, аудан тұрғындары арасында 1986-2001 ж.т. арасында футболдан аудандық жарыс өтті.
Бейнеу ауданында Спорт күніне орай 7-17 жас аралығында жүзуден жарыс, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен жарыс, футболдан 2005-2009 ж. арасында жасөспірімдер арасында аудандық жарыс ұйымдастырылды.
Маңғыстау ауданында ардагерлер арасында Спорт күніне арналған шахмат және бильярд бойынша аудандық жарыстар, қазақ күресінен, үстел теннисінен, бокстан ауыл жастары арасында аудандық жарыстар өтті.
Жанаөзен қаласында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің (БЖСМ-дер) арасында волейболдан қалалық ашық турнир, футболдан 6х6 БЖСМ-дер арасында қалалық ашық турнир, үстел теннисінен қалалық ашық турнир, арқан тарту, жеңіл атлетикадан қалалық ашық турнир, 17-тамыз «Спорт күніне» орай ұйымдастыралатын іс- шара өтті.
- Ал, Ақтау қаласы бойынша 19 тамыз сағат 19.00 15 ш/а, «Амфитеатр» мерекелік концерттік іс-шара өтеді. Іс-шара барысында спорт түрлерінен көрсетілім, мотоцикл көрмесі, Ақтау қаласында орналасқан спорт мектептерінің оқу жылына арналған үгіт-насихат жұмыстары өткізілетін болады. Қала тұрғындары арасында арқан тартудан, гір көтеруден, асық атудан, ләңгі тебуден жарыс өткізу, Асық атудан және ләңгі тебуден шеберлік сыныбы өтеді,-деді Қанат Жұмабаев.
Ал, 20 тамыз сағат 15.00-де 4 ш/а, Абай атындағы мәдениет үйінде “CASPIAN BATTLE-2022" брейкингі бойынша Маңғыстау облысының ашық чемпионаты өтеді.
Қанат Жұмабаевтың айтуынша, Спорт күні қарсаңында тойланатын мерекелер тамыз, қыркүйек айларында болатын ірі шаралармен жалғасын табады. Ерекше тоқталып өтетін, халық тұрғындарының назарына Ақтауда алғаш рет 6 қыркүйекте футзалдан ҚР Суперкубогы 2022 "Қайрат" АФК (Алматы) - "Аят" МФК(Рудный) арасында өтсе, 7-12 қыркүйек аралығында 10 команданың қатысуымен футзалдан ҚР Кубогы 2022 өтеді.
29 тамызда «Қазақ боксының атасы», бокстан тұңғыш КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ХIV-ші Халықаралық турнир өтеді.
21-26 қыркүйек аралығында Жаңаөзен қаласында Каратэ-до кекушинкайдан ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.
17-18 қыркүйекте триатлоннан Elite категориясы бойынша Азия құрлығындағы 10 мемлекеттен келетін 100-ге жуық спортшының қатысуымен Азия Чемпионаты өтпек.