Маңғыстау облысының ашихар каратэ федерациясының тәрбиеленушілері Щучинск әскери-спорттық лагеріне барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Лагерьді ұйымдастырушылардың басты мақсаты - жазғы уақытта балалардың физикалық дамуы мен денсаулығын нығайту үшін демалыс сыйлау.
Лагерьде жасөспірімдерге түрлі экскурсиялар, зияткерлік ойындар, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Онда жас каратэшілер топография негіздерін, жерді бағдарлауды, саптық дайындықты, атысты және тағы басқа көптеген қызықты әрі пайдалы дағдыларды үйренді. Балалар Бурабайдың әсем тауларына серуенге шығып, көлде шомылды. Ең бастысы таза табиғат аясында ашихар каратэ жаттығуларымен жүйелі түрде айналысты.
- Лагерьде балалар жан-жақты дамып, ерік-жігерін танытуға, қиындықтарға қарамастан нәтижеге қол жеткізуге үйренеді. Осындай лагерьлердің арқасында балалар көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді үйренеді. Батыл және тәуелсіз, мықты, төзімді және сенімді болады, - деді, «Ashihara karate» федерациясының жаттықтырушысы Дмитрий Печкин.
Айта кетейік, Дмитрий Печкиннің және оның әріптесі – жаттықтырушы Сергей Березин Щучинскідегі жаттығу жиындары кезінде қара белбеу алды. Олар еліміздің басқа 30 жаттықтырушысымен бірге дан-тесттен өтті. Дан-тест — әрбір жауынгерлік спорт бағытындағы, төбелес әдістерінің қолдану шеберлігін, яғни, деңгейін анықтайтын тест. Дан-тест, төрешілік және тренерлік семинарлары әйгілі «Ashihara international karate organisation» президенті Ханша Дэйв Йонкерстің және Қазақстан мен Азияның бранч-чифі Александр Журавлевтің жетекшілігімен өтті.