Жобаның кей бөлігі қала тұрғындарының бастамасымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
- Шағынаудандардың ауласында бой көтеретін дене шынықтыру алаңдарында жүріп-тұруы шектеулі жандар үшін де қолжетімді тренажерлері болады. Бұл бастамаларды тұрғындардың өздері көтерді. Олар ауланы абаттандыру және көркейту жөнінде ұсыныстарын жеткізді, - дейді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары.
Он ойын алаңының біреуі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша салынып жатыр. Айта кетейік, қазіргі таңда «Халық қатысатын бюджет» арқылы қаладағы төрт шағынауданның ауласына спорт-воркаут ойын кешенін салу жоспарланып отыр. Ол жерде футбол алаңы да болмақ.
- Қазір алты ойын алаңының орнын белгіледік. Бұл — 3 ш/а 152 үй, 3 ш/а, 1 ш/а 24-үй, 6 ш/а 31-үй, 11 ш/а 34-үй, 29 ш/а 24-үйлердің аумағы. Сондай-ақ, 12 ш/а 67-үй, 31 Б ш/а 30-31 үй мен 31 В ш/а 16, 18-үйдің ауласына дене шынықтыру-спорт алаңдары салынбақ.
Сондай-ақ 32А ш/а 27-30 үйдің аулаларына жүріп-тұруы шектеулі топтарға арналған ойын алаңы бой көтереді, - дейді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары.
Бұған қоса, 4 ш/а 2-үй, 14 ш/а 9-үй, 1 ш/а 35-үй, 22 ш/а 10Б үй ауласына футбол алаңы салынады. Ақтау қаласының әкімі абаттандыру кезінде тұрғындардың пікірі ескерілетінін атап өтті.