Университеттің 202 курсанты салтанатты түрде ант етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Арнайы рәсім әскери теңіз туын көтеру және Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан басталды. Шарада университеттің вице-президенті Қайырбек Макулов, ҚР қарулы күштері ардагерлер кеңесі төрағасының Маңғыстау облысы бойынша орынбасары Марат Тулекбаев, кафедра бастығы 1-дәрежелі капитан Марат Мейрамов, ҚР ҰҚК ардагері полковник Анатолий Колпаков және әскери кафедраның басшылығы сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі.
Университетте студенттерге әскери мамандықты қосымша игеруге және әскери атақ алуға мүмкіндік бар. Әскери кафедрада оқыған жылдары курсанттар теориялық және практикалық білім алады. Оқу процесі және далалық оқу-жаттығу жиындары барысында олар жауынгерлік қару-жарақпен және техникамен жұмыс істеуді үйренеді.