Жолаушыларға дөрекелік танытқан автобус жүргізушілеріне шара қолданылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің телеграм каналына қала тұрғындарының жолдаған шағымына жауап берген Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Облыс әкімдігінің телеграм каналына бірнеше желі қолданушысы хабарласып, қоғамдық көліктегі қызметкерлердің дөрекілігі мен халыққа қызмет көрсетудегі мәдениетінің төмендігіне шағымданған. Егде жастағы қарияның айтуынша, №3 автобустың жүргізушісі қоғамдық көліктің салонында музыканы шектен тыс қойып, өзіне айтылған ескертуіне жолаушыны келеке еткен. Ал екінші бір жолаушының айтуынша, аталған автобустың басқа бір жүргізушісі рөлде отырып, темекі шегіп, салондағы жолаушыларға қолайсыздық туғызанын айтқан.
Тұрғындардың шағымына жауап берген Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері аталған мәселе бойынша барлық тасымалдаушы мекеме басшылығына ескертпе берілетінін жеткізді.
-Егер де келесіде аталғандай мәселелер қайталатын болса, тасымалдаушы мекеме басшысына сол қызметкерге шара қолданылатын болады,- дейді жауаптылар.
- Облыс әкімдігінің телеграм каналына Ақтау қаласы тұрғындарынан №3 автобус жүргізушілерінің дөрекілігі мен автобус салонында шылым шегетіні туралы шағым келіп түскен болатын. Жауаптылардың айтуынша, аталған мәселе қадағалауға алынды.