Олар орындыққа сағыз жабыстырып, камералардың флэш-дискілерін де ұрлаған деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жаңа автобустар қалалық маршруттарға бір апта бұрын берілген. Бірақ енді жөндеу жұмыстары қажет болып тұр, деді "Жолаушы Ақтау" ЖШС басшысы Руслан Ахметнабиев.
- Бізге бұзақы жолаушылардың "жұмысының" салдарын жоюға тура келеді. №2 автобустарды жөндеу айтарлықтай қымбатқа түсіп тұр. Бір апта бұрын ғана 7 жылдық несиеге 28 жаңа автобус сатып алғанбыз. Осы су жаңа қоғамдық көліктерді сындырып, бүлдіріп тастаған. Тіпті камералардан флэш-дискілерді алып кеткен. Бір флешка 11 мың теңге тұрады, сондайдың төртеуін алған. Шығын жүз мыңға жуық, бірақ бұл нақты сома емес, мамандар есептейді, - дейді Руслан Ахметнабиев.
Еске сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, вандализмге бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағаттық қоғамдық жұмыстарға тартылады не қырық тәулікке қамауға алынады.
- Мен "Маңғыстау облысының әкімдігі" Telegram чат-каналына өтініш жаздым, тұрғындардан мәдениетті болуды сұрадым. Келесі аптада камераларымызды жедел басқару орталығына қосамыз, қажетті жабдықтарды сатып алдық. Сосын көлік ішін толықтай көре алатын боламыз. Бейне дереу полицияға жіберіледі. Сізден біздің қызметімізге құрметпен қарауды сұраймын, мұндай вандализм бола беретін болса, бірде-бір тасымалдаушы - автобус сатып алғысы келмейді, - деді "Жолаушы Ақтау" ЖШС директоры Руслан Ахметнабиев.