Ақтаудың орталық автомобиль жолдарында мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін жаяу жүргіншілер өткелін жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше бірінші кезекте 25 жаяу жүргіншілер өткелі абаттандырылады.
Сонымен қатар жаяу жүргінші жолдарынан орталық жолға дейінгі аралықтарына кеспе тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.