Ел аумағында қаңтар мен сәуір аралығында 36 145 жұп заңды некесін қиған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Статистика деректеріне сүйенсек, Нұр-сұлтан мен Алматы қалалары неке қию коэффицентінің ең жоғарғы көрсеткішіне ие. Нақтыласақ, Нұр-Сұлтанда - 8.3, ал Алматыда - 7.9. Ал үшінші орынға 6.15 көрсеткішімен Маңғыстау өңірі тұрақтады. Ақтөбе облысында неке одағын бекіту үлесі өте төмен.Өңір 4.74 көрсеткішіне тұрақтаған.
Осы мерзім ішінде елімізде 5689 жұптың некесі бұзылған. Ажырасу бойынша ең үлкен коэффицент Қарағанды облысында - 1.33 және Павлодар өңірінде - 1.25.