Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың партияның кезектен тыс XXII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2022 жылғы 11-20 шілде аралығында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы «Табыстарды көбейту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігінің өсуі саласында басшының құзыреттілігін арттыру»тақырыбында 14 облыстың ауыл, ауылдық округ әкімдері мен партия филиалдарының атқарушы хатшылары оқытылуда.
11-20 шілде аралығында Академия Алматы, Жетысу, Атырау, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында барлығы 1817 адамды оқытпақ.
Көшпелі 3 күндік семинар бүгін Маңғыстау облысында жалғасын тапты. Оған облыстағы филиалдардың атқарушы хатшылары мен ауыл әкімдері қатысып, халықтың экономикалық белсенділігін арттыру бойынша дәріс алуды. Оқыту барысында қатысушылар ауыл скринингі мен маркетингтік талдау жүргізуді, ауыл экономикасын дамыту үшін перспективалы бағыттарды анықтауды, ауылдың мамандануын анықтауды үйренеді. Сондай-ақ, ауыл әкімдері ауылда әлеуетті табысты бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық дағдыларын меңгермек.
Оқыту ауыл әкімдеріне ауылдардағы үй шаруашылықтарының табыстарын нақты арттыруға қол жеткізуге, «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құруға көмектеседі.
Осы бағдарламаның басымдықтарының бірі мыналар болып табылады: ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды арттыру; туризмде жұмыспен қамтуды арттыру және халықтың табысын арттыру факторы ретінде кәсіпкерлік табыстың өсуін ынталандыру.
Семинардың нәтижелері бойынша қатысушы ауыл бизнесіне өз бетінше скрининг ұйымдастырып, жүргізе алатын болады, зерттеу қорытындылары бойынша мамандануды және экономикалық тиімді бизнес-жобаларды анықтай алып, оларды маркетинг және қаржылық модельдеу құралдарын пайдалана отырып, алынған білім негізінде («дұрыс») іске асыра алатын болады.
Жыл соңына дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы еліміздің барлық облыстарындағы ауыл әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларын оқытуды жоспарлап отыр, бұл 2500-ден астам адамды құрайды.