9 шілде күні Құрбан айт мерекесі күніне орай Жаңаөзен қаласындағы кейбір бағыттарда қатынайтын қоғамдық көліктер тегін қатынайтын болады. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтқанда, тасымалдаушы «Aktau Bus» ЖШС-нің бастамасымен Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендерге қатынайтын «Тенге ауылы (АТП) - Бөкен базары» (№3) және «Рахат ауылы- Бөкен базары» (№11) бағыттарында жүретін маршруттардағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады.