Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бахтияр Мақсатов облыстық брифингте айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сонымен қатар, жұмыс ақысының уақытында төленбеуінен қызмет көрсету сапасы да нашарлайтынын атап өтті.
- Бұған қоса, тұрғындар үйдегі адам санын аз қылып көрсетіп, толық тіркемейді. Бұл да қоқыс тазалау графигіне әсер етеді. Яғни, адам саны азайған сайын, қоқысты тазалау жиілігі де азаяды. Нәтижесінде контейнерлер біз жоспарлағаннан да тез толып қалып, қоқыс далаға төгіледі. Сондықтан, қызмет ақысын уақытылы төлеп, үйдегі адам санын толық көрсетейік, - деді спикер.