Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны жөнінде желіде тарап жатқан хабарлама жалған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Төлемдер туралы мәтінде осы жылдың 1 мамырынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері өскендігі, нәтижесінде зейнетақы 55 мың теңгеге дейін көтерілетіні жазылған. Бұл – бұрмаланған ақпарат.
Айлық есептік көрсеткіш мөлшері Қазақстанда биыл 1 сәуірде артты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЕК-ті ұлғайту туралы жаңа жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат ҚР Президентінің ресми сайтында да, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да жоқ. Бұл туралы ақпарат ресми БАҚ-та да жарияланбаған.