Оқыс оқиға 5 шілде күні сағат 17-00-де Ақтау қаласының Самал 2 шағын ауданында теңіз жағалауында болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлаунша, суға батып кеткен ер адам 1993 жылы туған Бейнеу ауданының тұрғыны. Теңізге ағайындарымен барған. Қазіргі таңда 3 сүңгуір іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ТЖ департаментінен 6 қызметкер, жедел құтқару жасағынан 1 газель, 1 қайық, 10 қызметкер, ПД 5 бірлік техника, 8 қызметкер, жедел жәрдем 3 адам, 1 бірлік техника, АМО 3 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ, оқиға орнында ТЖ департаментінің психологтары суға батқан адамның жақындарына көмек көрсетіп жатыр.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерден суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және төмендегі ережелерді орындауды сұрайды:
-жабдықталмаған және тексерілмеген шомылу орындарында шомылуға және суға түсуге болмайды, өйткені түбінде тастар, қоқыс және басқа да қауіпті заттар болуы мүмкін;
-ішімдік ішуден аулақ болыңыз;
-суға шомылу мезгілінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
-суға шомылу кезінде жағажайдан алысқа жүзбеңіз;
-тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
-су айдындарын ластамаңыз және қоқыстамаңыз.
Бұл қарапайым ережелер сізге және Сіздің жақындарыңызға жазғы демалысты қауіпсіз өткізуге көмектеседі!