“IQanat білім беру қоры” қоғамдық қоры Жаңаөзен қаласының 8-9 сынып оқушылары арасында IQanat олимпиадасын ұйымдастыруда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиаданың 1-кезеңі 11 маусым күні №19 жалпы білім беретін мектепте өткізіліп, 770 оқушы қатысқан болатын. 2-кезеңі 8 шілде күні №22 жалпы білім беретін мектепте өтеді.
Олимпиаданың мақсаты – сауатты оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету, Бурабайдағы IQanat High Scool of Burabai мектеп-пансионаты базасына жолдама беріп оқыту, олимпиадаларға дайындау.
Олимпиадаға қатысу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласуыңыз сұралады.