Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 5-7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
- Қазақстанның басым облыстарының ауа райына Оңтүстік циклон әсер етеді, яғни жел соғады, жаңбыр жауады. 5 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, 6 шілдеде солтүстік-батыста, республика орталығында, қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. 7 шілдеде республиканың батыс облыстарында атмосфералық қысымның жоғарылауы аясында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Маңғыстау облысында негізгі температура +23+28°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +31°С, - дейді синоптиктер.