Оқиға 3 шілдеде 6, 6а және 2-шағынаудандар арасындағы қиылыста орын алды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Сағат 15:20 шамасында "Hyundai Elantra" көлігі бағдаршамның рұқсат беретін сигналына солға бұрылған кезде, қарсы жолақпен келе жатқан "BMW 523" автокөлігіне жол бермей, апатқа ұшыраған. "Hyundai Elantra" жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 610-бабы (Көлік құралдары жүргізушілерінің адам денсаулығына зиян келтіруі, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеліп соғуы) бойынша хаттама жасалды. Зардап шеккен адамға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, зардап шеккен адамды Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарды.